«Дүние аналармен көрікті

Категория: Афиша
Дата: 01.03.2022
Просмотры: 857 Печать страницы
«Дүние аналармен көрікті

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, 3 наурыз күні сағат 10:00-де М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкентану музейінде Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» музейінің «Дүние аналармен көрікті» атты мерекелік шарасы өтеді.

Мерекелік шарада «Анаға құрмет» музейінің қорынан қыз-келіншектердің әшекей бұйымдарынан «Шолпының сыңғыры» атты көрмесі, этнограф Сұлтан Тілектің орамал және кимешектерден тұратын «Қазақ әйелінің бас киімдері» тақырыбындағы көрмесінде орамал мен кимешектің қадыр-қасиетімен таныстарып, кимешек тігуден шеберлік сабағын (мастер-класс) өткізеді. Сондай-ақ қолөнер шебері халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты  Анар Нарботаның қазақ қыздарының ұлттық киім көрмесін ұсынады. Киізден әртүрлі ұлттық бұйымдар жасаудың шеберлік сабағы өткізіледі. Он саусағынан өнер тамған кестеші Гүлнәр Әбіштің кестемен кестеленген  дүниежүзіндегі атақты мешіттердің суреттерін кесте тіліне айналдырған «Алланың үйі жүрегімде» атты кесте көрмесі өтеді.