"Ұлттық музейге сый тарту"

Категория: Афиша
Дата: 17.09.2018
Просмотры: 1513 Печать страницы

2018 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында Алматы облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының қолдауымен жəне М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі мен ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастырумен "Ұлттық музейге сый тарту " атты республикалық акция өткізілді.Аталған акцияға Алматы облысынан шыққан ақын Жамбыл Жабаев, айтыскер ақын Үмбетәлі Кәрібаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Мұхамеджан Тынышбаев, Дінмұхамед Қонаев, композитор Мұқан Төлебаев, суретші Әбілхан Қастеев, қазақтың бірегей ақындары Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев, дәулескер, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиев, жазушы Әнуар Әлімжанов, екі мәрте Социалистік еңбек ері Нұрмолда Алдабергенов, Социалистік еңбек ері Зылиха Тамшыбаева, әнші Дәнеш Рақышев, генерал-майор Әбдіқадыр Болсамбеков, айтыскер ақын Есенқұл Жақыпбеков сынды ұлтымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары мен туған-туыстары қатысып, отбасылық мұрағатта сақталған жәдігерлерін музейге сыйға тартады. Сонымен қатар, акция барысында Ұлттық музейдің қорына ақын Надежда Лушникова, әнші Нұрғали Нүсіпжан, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Аманжол Бұғыбаев, Нұрбақыт Теңізбаев, ғарышкерлер Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов, театр және актерлері Алмахан Кенжебекова мен Кендебай Темірбайұлы және суретшілер- Хамза Кикимов, Бақыт Ахметов, Қарлығаш Шалабаева, Сымбат Сәрсенбаеваның құнды заттары қабылданды.Алдағы уақытта акция барысында жиналған жәдігерлер топтамасынан Ұлттық музейде арнайы көрме ұйымдастырылады.