ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ АТА ЗАҢЫНЫҢ АВТОРЫ

​Жетісудан Санк-Петербургке оқуға аттанған алғашқы қазақ Қазақ халқының басынан небір қиын кезеңдер өтті. Ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек еткен тұлғаларымыз жетерлік. Жаугершілік замандарда, тәуелсіздік үшін күрес жолында да, ұлт тағдыры талай сынға түскенде де топтан жүйрік аттай сытылып шыққандар қаншама. Сондай тұлғалардың бірі – Алашқа адал қызмет еткен Барлыбек Сырттанұлы. Барлыбек Сырттанұлы 1866 жылдың 25 шілдесінде бұрынғы Жетісу облысы, Қапал уезіне қарасты Арасан болысындағы Қарашоқы жайлауында дүниеге келген. Барлыбектің әкесі де білікті, білімді, көреген адам болған. Келешекте заманның сан құбылатынын, болашақтың негізі білімде екенін білген Сырттан балаларының ішіндегі Тұрлыбек пен Барлыбекті алғашында 1874 жылы Қапалдағы қазақ балаларына арналған даярлық пансионатында екі жыл, одан кейін Жетісу облысындағы әскери генерал-губернатордың тағайындаған стипендиясы негізінде, Алматыдағы (бұрынғы Верный қаласындағы) классикалық ер балалар гимназиясында оқытады. Барл...
Подробнее Просмотры: 6 Категория: Статьи Дата: 22.04.2025

Жетісу өңіріндегі Жібек жолы бойында орналасқан ортағасырлық қалалар

азақ даласындағы ортағасырлық қалалар десе, алдымен Яссы, Түркістан, Сарайшық, Отырар, Сауран, Испиджап, Мерке, Сайран, Созақ, Суяб, Тараз қалалары еске түсетіні белгілі. Сондай қалалардың ішінде өзіндік маңызға ие қалалар Жетісу облысында да болған. Олардың қатарына көне Дүнгене (Екіоғыз), Қойлық, Ілебалық, Жаркент, Түргенкент және Алакөл ойпатындағы Гаган, Асусай, Жайпақ, Көктұма қалалары жатады. Қазақ даласында қалалардың салынуы VI ғасырдан бастау алады.Қазақстанның оңтүстік, орталық, жетісу өңірін мекен еткен халық мал, егіншілікпен ғана айналысып қоймай, өздері тұрған мекен-жайларға қалалар сала бастады.Екінші жағынан шығыс пен батысты жалғайтын сауда-керуен жолдары да өркениеттің дамуына өзіндік үлес қосты. Ол – ұлы Жібек жолы деп аталып,ежелгі Қытай, Үндістан мен Таяу Шығысты және Еуропаны байланыстырды.Ал, сондай жол тораптарының бір тармағы қазіргі Жетісу өңірі арқылы өтетін болған. Іле Алатауының теріскейіндегі Қастек, Алматы маңындағы шағын қалалар арқылыІле аңғары...
Подробнее Просмотры: 7 Категория: Статьи Дата: 22.04.2025

ДАЛАСЫ ДАСТАН, ҚОЙНАУЫ ҚАЗЫНА

Жетісу жері – тарихи құндылыққа бай өлке. Мұнда жылдар бойы жүргізілген қазба және зерттеу жұмыстары нәтижесінде көптеген археологиялық ескерткіш табылды. Ерте темір дәуірінен бастау алатын ежелгі сақ, үйсіндердің қорғандары, обалар, балбал тастар, орта ғасырға тиесілі көне қалалар, тастағы бейнелер мен жазулар, сондай-ақ, қазба жұмыстары кезінде табылған заттар – Жетісуды мекен еткен халықтардың мәдени-тарихи өмірін айқындайды. Жетісу жерінде ежелден сақтар және олардың мұрагері үйсіндер мекен етіп, өздерінің мәдени өмірін, өркениеті мен дәстүрін көрсетіп кетті. Оған археологиялық қазба жұмыстары мен зерттеулер куә. 1957 жылы көне қорымдар қатарына жататын сақтардың Бесшатыр қорғанына Кемел Ақышевтің экспедициясы жұмыс жүргізді. Қорым Кербұлақ ауданы, Іле өзенінің оң жағалауында, «Алтынемел» табиғи қорығының территориясында орналасқан. Зираттарда патша әулеті мен ақсүйектер жерленген. Мұнда үлкенді-кішілі 31 оба бары анықталды. Зерттеу барысында қазылғ...
Подробнее Просмотры: 9 Категория: Статьи Дата: 22.04.2025

ҒАСЫР ЖЫРЛАҒАН ЖЫРАУ

Ғасыр жырлаған жырау Айтыс өнері – қазақтың ауыз әдебиеті арқылы ежелден әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан қайталанбас поэзия жанры, дәуірлер бойы қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек, айтыс өнерінің шығу тарихы сонау ертеден қалыптасқан деседі. Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» атты жинағындағы «Қыс пен Жаздың айтысын», сондай-ақ, Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметіндегі» «Тозақ пен Пейіштің» айтысын дәлел ретінде айта аламыз. Қазақ айтысындай елге көптеп тараған сөз өнері өзге елде кездеспейді. Бұл – ақиқат! Бұл дегеніміз – қазақ халқының сөз өнеріне, жыраулық поэзияға, айтысқа деген ерекшелігін білдіреді. Тарихта елдің мәдени-рухани өміріне белсене араласып, ұлттық өнерімізді дамыту жолында елеулі еңбек еткен тұлғаларымыз аз емес. Солардың бірі – айтыс өнерінің жарық жұлдызы, жыршы, эпик, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы, ақын Жамбыл Жабайұлы. Жамб...
Подробнее Просмотры: 13 Категория: Статьи Дата: 16.11.2024