«Әділдікті ту еткен ұлы ақын» атты жылжымалы көрме

Категория: Новости
Дата: 02.10.2018
Просмотры: 519 Печать страницы
«Әділдікті ту еткен ұлы ақын» атты жылжымалы көрме

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 24-26 аралығында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық санасы жаңғырту мақсатындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру ел тарихының, жер тарихының  тұғыры,  тарихи – өлкетану және әдеби – мемориалды музейлерінің ғылыми – ағарту, танымдық  жұмыстарының өзегіне айналып отыр. Бүгінгі шарамыздың да басты мақсаты – ел дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаларымызды өскелең ұрпаққа таныту, ел есіндегі ұмытылмас есімдерді жұрт жадында жаңғырту. Осы орайда Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейі адамзатқа ортақ тұлға, Ұлы айтыскер ақын  Сүйінбай Аронұлын насихаттау мақсатында «Әділдікті ту еткен ұлы ақын» атты жылжымалы көрме Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Балқаш ауданының тарихи – өлкетану музейінде ұйымдастырылды. Көрмеге елуге жуық жәдігерлер қойылды.  Жылжымалы көрмеге Бақанас ауылдық округінің әкімі - Д.Т.Төлеубек, ақсақалдар төрағасы - Б.С. Сқабаев сонымен қатар оқушылар тамашалады.