
Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде
1 - қазан Қарттар күніне орай "Қарттардың да өнерге бар таласы"
тақырыбында іс - шара өткізілді. Шарада аудандық әжелер
ұйымының төрайымы Ұ.Дүйсебаева музей ұжымына Аудандық
ардагерлер кеңесінің алғысын табыс етіп, жас ұрпаққа тілектерін
жолдады. Бата мен өнерін көрсеткен қарттарға №3 Қабанбай
орта мектебінің 6 сынып оқушылары концерттік бағдарламасын
ұсынды.