Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, музейді насихаттау мақсатында 11 қазан күні Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Талдықорған қаласындағы жеке меншік «Жас Ұлан» ясли – балабақшасының бүлдіршіндеріне алғаш рет арнайы «Жетісудың аң-құстары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеде бүлдіршіндер ертегілер еліне саяхаттап, қыран құстай қалыптап,көбелектей жүздері балбұл жайнап, аң-құстар жайлы қызықты жұмбақтар шешуін тауып, көптеген мәліметтер арқылы Жетісуды мекен ететін тіршілік иелерімен таныс болды.Көрме соңында музей қызметкерлері балабақша тәрбиешілеріне естелікке музейіміздің тарихы жайлы жазылған кітапша сыйлыққа таратты.