Алаш қозғалысының 105 жылдығы аясында Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің «Жетісулық Алаш қайраткері және репрессия құрбандары» тақырыбында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музейінде жылжымалы көрме ашылды.
Аталған игі шара сексен жылдық тарихы бар Абай музейі мен 1993 жылы қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер, тарихшы, ірі мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышпаевтың есімі берілген тарихи-өлкетану музейі арасындағы 2019 жылы қол қойылған шығармашылық байланысты арттыру меморандумына орай жүзеге асып отыр. Шарада сөз алған Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай жүзеге асырылып отырған осы бастаманың алдағы уақытта атқарылатын келелі істердің кепілі екенін айтып өтті.
М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған көрмеде Алматы облыстық музей мен оған қарасты филиалдар қорынан алынған қазақ халқының сан ғасырлық азаттығы жолындағы маңызды орын алатын тарихи оқиғалардан сыр шертетін жәдігерлер көрермендер назарына ұсынылды. Семей қаласының зиялы қауым өкілдері мен мәдениет мекемелерінің қызметкерлері және студенттер мен мектеп оқушылары қатысқан шарада жер жанаты Жетісу халқы мен өңірінің бай тарихына терең бойлауға мүмкіндік алды.
Пресс-центр
Передвижная выставка
Категория: Новости | |
Дата: 14.04.2022 | |
Просмотры: 127 | Печать страницы |