«Ретро әлемге саяхат»

Категория: Новости
Дата: 18.05.2022
Просмотры: 85 Печать страницы
«Ретро әлемге саяхат»

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Жастар саябағында «Ретро әлемге саяхат» атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында музей саласындағы үздік мамандар марапатталып, Қонаев қаласындағы «Тұлпар» ретро-автосалонының және Талдықорған қаласындағы жеке коллекционер Виктор Жилобицкийдің ретро көліктер көрмесі келушілер назарына ұсынылды. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнер туындылары да көрмеге қойылды.

Көрмеде 1937 жылдан бастап шыққан ретро автокөліктер коллекциясы қойылған. Оның ішінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Д.А.Қонаев пайдаланған «Чайка» маркалы көлігі, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 75-жылдық мерейтойына орай сыйға берілген Н-1 маркалы москвич, 1956 жылдардан бастап шыққан кеңестік фильмдерде кездесетін, нақтырақ айтқанда «Берегись автомобиля» фильміне түскен атақты «Волга»  т.б. автокөлік түрлері қала тұрғындарының назарына ұсынылды.