«Жәдігерлермен сырласқан күн»

Категория: Новости
Дата: 19.05.2022
Просмотры: 74 Печать страницы
«Жәдігерлермен сырласқан күн»

18 мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінде халықаралық музейлер күніне орай «Жәдігерлермен сырласқан күн» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата-бабаларымыздың жасап кеткен мәдени қазына байлықтарының үлгілеріне қанықтырып, жеке адамның да, бүкіл қоғамның да жетілуіне ықпал жасау. Іс-шараның  қонақтары Қапал ауылының ақсақалдары мен әжелері, окушылар мен ұстаздар, мәдениет қызметкерлері мен ауыл тұрғындары болды.  Музей қызметкерлері келген көрермендерді айтулы мерекемен құттықтай отырып, музейдің адамзат өркениетінде алар орнын, музей тарих,  әдебиет және жалпы мәдениеттің көзі екенін, музейдің адам баласына рухани тәрбие беретін бірден-бір мәдениет ошағы екенін түсідіріп өтті. Аталмыш іс-шараға мектеп оқушылары тартылып, костюмдендірілген көрініс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі бөлімінде талай ғасырдан бері кең даланы мекендеген көшпенділердің соғыс ісінде өздерінің жеткен жетістіктері мен әскери әдіс-тәсілдерінің болғандығы, қажетті қару-жарағын, киім-кешегін үнемі жетілдіріп отырғаны көрермендерге жәдігерлер арқылы жеткізілді. Іс-шара жалғасында мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Музей қызметкерлері көрермендердің ризашылығына ие болды.