«Музей – мұралар ордасы»

Категория: Новости
Дата: 19.05.2022
Просмотры: 97 Печать страницы
«Музей – мұралар ордасы»

18 мамыр Халықаралық музейлер  күніне орай  Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Музей – мұралар ордасы» атты мәдени – танымдық  шара  өтті. Шара мақсаты мәдени құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін, музей қызметін, экспонаттар мен жәдігерлерді таныстыру, кеңінен насихаттау. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Шараға Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері, кітапхана ұжымы, №2 Қабанбай орта мектебінің оқушылары қатысты. Шара барысында қатысушыларға Қабанбай музейінің тарихы туралы және әлем музейлері туралы презентация көрсетілді. Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің әншілері ән орындады, қатысушылар музей күнімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты. Шара соңында музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.