18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай

Категория: Новости
Дата: 19.05.2022
Просмотры: 93 Печать страницы
18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай

  18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай   І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ашық есік күні» және «Музей түні» ұйымдастырылды. Аталмыш шараға келушілер музей бөлімдерін тамашалады және «Асудың қарымды қаламгерлері» атты тақырыпта құрылған кітап көрмесімен танысты. Сонымен қатар атаулы мерекеге орай мектеп оқушыларымен «Туған өлке тарихы» атты тақырыпта музейлік тарихи-танымдық квест ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында жасұрпақ  өз туған өлкесінің  тарихымен толығырақ танысып, өлкетану бойынша білімдерін толықтырып,  музей жәдігерлерімен танысып, ерекше әсер алып қайтты.