"Музей - өлкенің тарихы, халықтың қазынасы"

Категория: Новости
Дата: 19.05.2022
Просмотры: 98 Печать страницы

Музей - өткен тарихымыздан, бабалар салып кеткен сара жолдан хабар беретін киелі орын. Құнды жәдігерлер сақталып қана қоймай, насихатталып, өткен ғасырлар мен бүгінгі күннің арасын жалғап, жас ұрпақтың өз тамырынан ажырап қалмауына қызмет етіп отыратындығы белгілі.

Шелек тарихи өлкетану музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Халықаралық музейлер күніне орай "Музей - өлкенің тарихы,  халықтың қазынасы" атты мерекелік шара өткізілді. Шараға "SL" өнер орталығының оқушыларымен қатар Абай атындағы орта мектептің оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Ауыл әкімі Сәкен Дәулетханұлы Абдихалиев музей қызметкерлерін айтулы мерекелерімен құттықтап, марапат қағаздарын ұсынды.