«Ел қорғаған – ер Дадаш»

Категория: Новости
Дата: 20.05.2022
Просмотры: 93 Печать страницы
«Ел қорғаған – ер Дадаш»

20 мамыр күні Үмбетәлі әдеби-мемориалды музейінде «Ел қорғаған – ер Дадаш» атты Кеңес одағының батыры Д.Бабажановтың 100 жылдығына орай Бабажановтанушы, белгілі публицист жазушы Исмаилжан Иминовпен кездесу өтті. Кездесу барысында Исмаилжан Иминов КСРО-ның белгілі батыры, жерлесіміз Дадаш Бабажанов туралы тағлымға толы тарихи ақпараттармен бөлісіп, өзінің сиясы әлі кеппеген «Оралу» атты жинағының тұсауын кесті. 

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері қатысып, еліміздің ынтымағы мен бірлігі жарасқанының тағы да бір айқын көрінісін көрсете білді. Шара соңында публицист жазушы музей күніне орай өзінің бір топ кітаптарын музей қорына өткізіп, ризашылығын білдірді.