Встреча

Категория: Новости
Дата: 23.05.2022
Просмотры: 94 Печать страницы
Встреча

Қазақ әдебиет тарихындағы көрнекті тұлға Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл толуына орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері тектінің ұрпағы Жамиға Ормановамен кездесіп, сұқбат жүргізіп, музей қорына ақынға тиесілі жеке заттарын қабылдап қайтты. Қазақтың сан ғасырлық әдебиет өнеріне өз қолтаңбасын қалдырып кеткен, талабы, тәлімі ерекше Ғали атамыздың көптеген естеліктері және асыл мұрасымен тағы бір жүздесіп, тарихы мен тағылымы мол сырға толы кездесу болды.