2 тамыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Тамшыбұлақ» жазғы демалыс лагерінде демалушы балаларға Қапалда орналасқан ескі ғимараттарда «Тарихтың ізі қалған ескі ғимараттар» атты экскурсия өткізді. Экскурсия барысында әлі күнге дейін өзінің қалпын бұзбай сақталып тұрған, тарихы тереңге тартқан ескі екі мешіт, Түзем мектебі, орыс шіркеуі, Шаяхмет байдың үйі, сонымен қатар Ақын Сараның мемориалды музейі орналасқан ғимарат таныстырылып, мол тарихи мағлұматтар берілді.
Пресс-центр
«Тарихтың ізі қалған ескі ғимараттар»
Категория: Новости | |
Дата: 03.08.2022 | |
Просмотры: 67 | Печать страницы |