
І.Жансүгіровтің әдеби музейінде ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Құдаш Мұқашевтың 90 жылдығына орай ««Дала дастаны» драмалық туындысы жайында» атты танымдық сағат өтті. Шараға М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Жетісу жауhарлары» атты жобаның қатысушылары қатысып, ақын жайлы бейнематериалдармен танысып, «Ақсудың абыз ақыны» атты көрмені тамашалады.