І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде 10 тамыз - Абай күніне орай музей қызметкерлері мен Ақсу ауылдық мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Абай салған сырлы әндер» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шара барысында Ұлы ақынның күйлері орындалып, әндері шырқалды. Сондай-ақ Абай Құнанбайұлының өлеңдері оқылып, келушілерге өмірі мен шығармашылығы насихатталды.