«Қызықты калейдоскоп»

Категория: Новости
Дата: 11.08.2022
Просмотры: 46 Печать страницы
«Қызықты калейдоскоп»

Үстіміздегі жылдың 11 тамызы күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Тамшыбұлақ» жазғы демалыс лагеріндегі балаларға «Қызықты калейдоскоп» атты танымдық ойын-сайысын өткізді. Шараның мақсаты - жеткіншектердің логикалық ойлау қабілетін дамытып, білімге деген құштарлығын арттыру, бір-біріне деген достық қарым-қатынасты нығайту. Сайыста балалар адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтай отырып, берілген тапсырмаларды орындап, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жете білуге машықтанды.