2022 жылдың 17 тамызы күні Ақын Сараның мемориалды музейінде «Тамшыбұлақ» лагерінің балаларына «Туған жерді танып, біл!» атты квест ойын ұйымдастырылды. Квест ойынға қатысқан балалар практикалық тапсырмалар арқылы Ақсу, Қапал тарихы мен сол өңірден шыққан тұлғалар туралы мағлұмат жинақтады. Ойын барысында қатысушылар мақсатқа жету үшін белгіленген кедергілерден өтуге тырысты. Нәтижесінде балалар білімдерін тереңдетіп, коммуникативті дағдыларды бойына сіңіріп, топта нәтижелі жұмыс істеуге үйреніп, бос уақыттарын тиімді де қызықты пайдаланды. 2022 жыл - балалар жылы болып жариялануына байланысты музей қызметкерлері бірнеше ойын топтамасын құрастырып, жылдың аяғына дейін аталған ойынды жүргізуді жоспарлап отыр.