«Ата заң – алтын діңгегім!»

Категория: Новости
Дата: 25.08.2022
Просмотры: 27 Печать страницы
«Ата заң – алтын діңгегім!»

25 тамыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Ата заң – алтын діңгегім!» атты танымдық сағат ұйымдастырды. Танымдық сағатқа қатысқан Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушыларына мемлекетімізді демократиялық, зайырлы және құқықты ел ретінде айқындайтын басты құжат – Конституция екені түсіндірілді.  Слайд арқылы «Балалар құқығы туралы Конвенция», соның ішінде балалардың барлық құқықтары мен міндеттемелері таныстырылды. Шара барысында «Өз құқығынды білесің бе? Бостандық дегенді қалай түсінесің?»,-деген сұрақтар төңірегінде пікірталас өткізіліп, «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?» атты ойын ойнатылды.