
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, М. Тынышпаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейінде Е.Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектеп оқушыларына “Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!” атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында мемлекеттің басты құжаты - Конституцияның маңыздылығы мен тарихы жайлы айтылып, оқушыларға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.