Конституция күні-халқымыз үшін ең қастерлі, ең ұлық мереке. Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындайтын Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 27 жыл толып отыр. Аталмыш мерекеге орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ата Заң-Мемлекеттің басты тұғыры» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында еліміздің басты заңының тарихы туралы, жеке адамның конституциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету, патриоттық, адамгершілік, құқықтық тәрбие беру мақсатында тақырыптық экскурсия жүргізіліп, «Айбары асқақ-Ата Заң» атты бейнебаян көрсетіліп, жан-жақты мол мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, шараға арнайы келген жастар патриоттық әндер орындап, жас көркемсөз шеберлері Ата Заң жайында өлеңдер оқыды. Шараға ауыл жастары, мектеп оқушылары және Ақсу аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Е.А.Төлепберген, Ақсу ауылдық округі әкімшілігі қызметкерлері қатысты.
Пресс-центр
«Ата Заң-Мемлекеттің басты тұғыры»
Категория: Новости | |
Дата: 26.08.2022 | |
Просмотры: 53 | Печать страницы |