"Ата Заң - ел болашағының негiзгi баспалдағы"

Категория: Новости
Дата: 27.08.2022
Просмотры: 44 Печать страницы

Ү.ж. 27 тамызы күні ҚР Конституция күніне орай Лепсі тарихи музейінде "Ата Заң - ел болашағының негiзгi баспалдағы" атты іс-шара өтті. Шара барысында мектеп оқушыларына, әкімшілік қызметкерлерiне Конститутцияның тарихы мен маңыздылығы жайлы айтылып, бейнефильм көрсетілді. Сондай-ақ, 1924,1937,1978,1993,1995 жылдары қабылданған Конституциялар жөнінде Лепсі тарихи музейінiң экскурсия жүргiзушiсi - Айдарханова Салтанат баяндама оқып, қатысушылар Ата заң туралы өз ойларымен бөлiстi. Шара соңында "Ата заң - тәуелсіздiгiмiздiң тұғыры" тақырыбында көрме көпшiлiк назарына ұсынылды.