«Ақын Сара-айтыстың ақтаңгері»

Категория: Новости
Дата: 01.09.2022
Просмотры: 35 Печать страницы
«Ақын Сара-айтыстың ақтаңгері»

Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде  Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Ақын Сара-айтыстың ақтаңгері» атты тақырыптық экскурсия өткізді. Тақырыптық экскурсияны тамашалаған Ғали Орманов атындағы орта мектеп оқушыларына Сара Тастанбекқызының айтыстарының көркемдік ерекшеліктері таныстырылып, соның ішінде ақынның  Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналатындығы туралы айтылды.  Сонымен қатар, Сараның елді сүйсінткен өнері, сөзге тапқырлығы, кесіп айтар шешендігі және  айтыс өнеріне әбден төселген нар тұлға болғандығы  туралы мол мағлұмат берілді.