«Білімділер, алғырлар, тапқырлар»

Категория: Новости
Дата: 07.09.2022
Просмотры: 27 Печать страницы
«Білімділер, алғырлар, тапқырлар»

7 қыркүйек күні  Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Білімділер, алғырлар, тапқырлар» атты танымдық ойын-сайысын ұйымдастырды. Шараға Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты. Ойын сайысы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде қазақ мультфильмдерінің фрагменттері арқылы музей экспозициясында бар заттарды тауып, сипаттама берді. Біліктіліктері  мен ептіліктерін сарапқа салып, адасқан әріптерден сөздер құрап, логикалық сұрақтардың жауаптарын шешті. Екінші бөлімінде сұрақтарға жауап беріп, өз туған жерлерінің тарихын қаншалықты білетіндіктерін көрсетті. Ойыннан жақсы әсер алған балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.