«Айтыс өнерінің шебері»

Категория: Новости
Дата: 09.09.2022
Просмотры: 16 Печать страницы
«Айтыс өнерінің шебері»

Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейі 2022 жылдың 8 қыркүйегінде Ушинский атындағы орта мектептің 10 сынып оқушыларына ән өнерінің ақтаңгері, қазақтың біртума сал-серісі, әнші-композитор Біржан Қожағұлұлы туралы «Айтыс өнерінің шебері» атты тақырыптық экскурсия  өткізді. Экскурсия барысында оқушыларға Арқаны ғана емес, Алаш даласын әнімен тербеткен Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалды.