«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына»

Категория: Новости
Дата: 16.09.2022
Просмотры: 31 Печать страницы
«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына»

Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейінде 14 қыркүйек күні Отбасы күніне орай «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты көрме өткізілді. Көрменің мақсаты - жас ұрпақты отбасылық құндылықтарды қастерлеуге, отбасындағы мейірімділік, қамқорлық сияқты ізгі қасиеттерге баулу. Белгілі композитор Мұқан Төлебаевтың отбасында және Кеңес уақытында қолданылған заттар көрмеге қойылып, олардың тарихы жайлы айтылды. Сондай-ақ, Мұқан Төлебаевтың отбасында қолданылған жеке заттары мен ыдыстары да келушілер назарына ұсынылды.