«Жақсының жалғасы»

Категория: Новости
Дата: 19.09.2022
Просмотры: 8 Печать страницы
«Жақсының жалғасы»

15 қыркүйек күні Алматы қаласында І.Жансүгіров әдеби музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жақсының жалғасы» атты қаламгер І.Жансүгіровтің ұрпақтарымен кездесу кеші өтті.
Ілияс Жансүгіровтің мұраларын толықтыру, жинастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға ақынның қызы И.Жансүгірқызы, немересі Ф.Жандосова, келіні Қ.Қаңтарбаева және отбасы мүшелері қатысты.  Кеш барысында қазақ поэзиясының классигі Ілияс Жансүгіровтің бай  мұрасын насихаттау жұмыстары талқыланып, дарынды ақынның шығармашылық мұрасы  мен өмір жолының жарқын тұстары жайында әңгіме өрбіді. Шара соңында ақынның ұлы Саят Ілиясұлының жеке заттары, қолжазбалары мен кітаптары, ордендері мен медальдары және  отбасылық суреттері Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің қорына табысталды.