Бақ дарып, кие қонған қасиетті – Қарасай

Категория: Новости
Дата: 19.10.2018
Просмотры: 407 Печать страницы
Бақ дарып, кие қонған қасиетті – Қарасай

2018 жылдың 17-қазанында, Батыр бабалар мемориалды музейі қызметкерлері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қаскелең қаласындағы «Алтын ауыл» орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Кенжебекова Индираның жетекшілігімен өткен  «Бақ дарып, кие қонған қасиетті – Қарасай» атты оқушылар арасындағы конференцияға батырлардың қару-жарақтары мен қорғаныс құралдарынан тұратын экспонаттардан жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрменің негізгі мақсаты – Қарасай ауданындағы көрікті мекендердің бірі «Батыр бабалар» мемориалды кешенін насихаттау,сондай-ақ, жауынгер батырлардың қару-жарақтар түрлерімен қорғаныс құралдарының атауларын және олардың атқаратын қызметі жайында түсіндіру болды.