15 қыркүйек күні Н.Алдабергеновтың мемориалды музейінде отбасы күніне орай М.Байысов атындағы мектеп оқушыларына «Н.Алдабергеновтың отбасы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында атаулы күнге орай отбасының негізгі құндылықтары мен мән-маңызы туралы мағлұматтар айтылып, Н.Алдабергеновтың отбасы жайлы мәліметтер айтылды. Соңында оқушылар отбасы құндылықтары туралы ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.