«Саятшылық – қазақтың дәстүрлі аңшылығы»

Категория: Новости
Дата: 19.09.2022
Просмотры: 22 Печать страницы
«Саятшылық – қазақтың дәстүрлі аңшылығы»

Үстіміздегі жылдың 16-шы қыркүйегінде Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері еліміздің тарихи-мәдени мұраларымен таныстыруға бағытталған «Саятшылық – қазақтың дәстүрлі аңшылығы» атты білім беру сағатын ұйымдастырды. Білім беру сағатына қатысқан Ғ.Орманов атындағы орта мектеп оқушыларының назарына «Жеті қазына» құсбегілік музейі туралы бейнеролик ұсынылды. Шараға қонағы Қапал аулының тұрғыны, бүркітші Әбсемет Сайділдә ақсақал «Ақтілек» атты бүркітін әкеліп, оқушыларға бүркітті қалай үйретуге және құспен қалай тез тіл табысуға болатыны жайлы өз құпия тәсілдері мен құсқа арналған жабдықтар туралы айтып берді. Қыран құс туралы мол мағлұмат алған жеткіншектер өз ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.