«Ғалымның хаты өлмейді»

Категория: Новости
Дата: 19.09.2022
Просмотры: 10 Печать страницы
«Ғалымның хаты өлмейді»

16 қыркүйекте  І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Ақсу ауданының тумасы, ғалым, гидрогеолог, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор,   Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері,  Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері-Жүрімбек Сыдықұлы Сыдықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ғалымның хаты өлмейді» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды.   Көрмеге Ж. Сыдықовтың  кітаптары, құжаттары, марапаттары, фотосуретері қойылып, өмірі мен еңбек жолы және отбасы жайында мол мағлұматтар айтылды.