«Дәуір данасы»

Категория: Новости
Дата: 21.09.2022
Просмотры: 17 Печать страницы
«Дәуір данасы»

2022 жылдың 21 – 23 қыркүйек аралығында Жетісу облысының Талдықорған қаласындағы М.Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде қоғам қайраткерінің өмірінің маңызды тұстарын ұрпақ санасына сіңіріп, кеңінен насихаттау мақсатында Алматы қаласынан Д.Қонаев музейінің қорынан алынған (барлығы – 45 дана) жәдігерлер негізінде «Дәуір данасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Көрменің салтанатты ашылуы 21 қыркүйек күні – 3 Мәрте Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай өтіп, оған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының м.а Ж.Серікова және Д.Қонаевтың ұрпағы Диар Асқарұлы мен жеке дәрігері Мүлік Ахат Әменұлы, Қонаевтанушы Қания Есдәулетова, Д.Қонаев музейінің қызметкерлері, облыстық кітапхана, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің, Талдықорған жоғарғы медицина колледжінің студенттері, мектеп оқушылары қатысты.