«Орбұлақ шайқасы»

Категория: Новости
Дата: 23.09.2022
Просмотры: 17 Печать страницы
«Орбұлақ шайқасы»

21 қыркүйек күні «Жауынгерлік Даңқ» музейінде «Орбұлақ шайқасы» тақырыбында танымдық сағат  өткізілді. Танымдық сағат барысында Орбұлақ шайқасының тарихи маңызы, еліміздің  жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы  ірі бетбұрыс болып  саналатындығы  туралы  айтылды. Шайқас кезіндегі батырларымыздың ерен ерлігі,  соғыс  тактикасын тиімді пайдаланудың арқасында   жеңіске жеткендігі  жайлы баяндалды. Орбұлақ шайқасы  ұлттық  тарихтың  жауынгерлік даңқ шежіресінде  ерлік пен қаһармандықтың өшпес  өнегесі ретінде мәңгілікке  айшықталып қалды.