«Сөз зергері - Зейнолла Сәнік»

Категория: Новости
Дата: 23.09.2022
Просмотры: 22 Печать страницы
«Сөз зергері - Зейнолла Сәнік»

21 қыркүйек күні Қабанбай батыр атындағы тарихи – өлкетану музейінде Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай батырдың ұрпағы, жазушы, тарихшы, этнограф Зейнолла Сәніктің шығармашылығына арналған «Сөз зергері - Зейнолла Сәнік» аты мәдени - танымдық сабақ өтті. Шараның мақсаты –батырдың ұрпағы, жазушы, тарихшы З.Сәніктің Қабанбай батыр туралы жазған еңбектері арқылы оқушыларға Қаракерей Қабанбай батырдың өмірі мен ерліктерін таныстыру, насихаттау. Танымдық сабақ барысында тарихшы, этнограф, шежіреші, жазушы Зейнолла Сәніктің шығармашылығы мен тағылымды өмір жолына қысқаша шолу жасалды.