«Жекпе-жектің теңдесіз шебері»

Категория: Новости
Дата: 23.09.2022
Просмотры: 15 Печать страницы
«Жекпе-жектің теңдесіз шебері»

22 қыркүйек күні Қабанбай батыр атындағы тарихи - өлкетану музейінде Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай оқушыларға «Жекпе-жектің теңдесіз шебері» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында Қабанбай батыр қатысқан шайқастар мен жекпе-жектері туралы оқушыларға мәлімет беріліп, батырдың қатысқан ең ірі шайқастарының бірі – Аңырақай шайқасы туралы айтылды. Шараның мақсаты - жас ұрпаққа Қабанбай батырдың ерлігін насихаттап, сол арқылы батырлыққа, адалдыққа, еліне,  жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады.