"Қыш ыдыстар тарихтан – сыр шертеді"

Категория: Новости
Дата: 23.09.2022
Просмотры: 24 Печать страницы
Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Қыш ыдыстар тарихтан – сыр шертеді" тақырыбында Асусай қалашығынан табылған қыш ыдыстар көрмесі өткізілді. Мақсаты – өлкеміздегі ортағасырлық Асусай қалашығынан табылған көне қыш ыдыстарды оқушыларға көрсету арқылы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін таныстыру.
Асусай қалашығы Үшарал қаласынан шығысқа қарай 65 шақырым жерден табылып, 2011 жылы зерттелді. Қазба жұмыстарын ҚазҰУ-ның профессоры Ә.Төлеубаев басқарды. Көрмеге музей залдарының, археология бөлімнен ортағасырлық Асусай қалашығының қыш ыдыстары: қазан, қыш ыдыс қақпақтары, құмған, шырақ бөлшектері, хум, құмыралар, түбек, құмыра тұтқалары, дастархан бөлшектері және де музей қорынан тағы басқа экспонаттар қойылып, оқушыларға таныстырылды.
Ғасырлар қойнауынан жеткен қыш ыдыстарда жасырынған сырға тереңірек үңілу келешек еншісінде екені сөзсіз.