Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде № 3 орта мектебінің 4 сынып оқушыларына, «Ата қоныс - алтын мекен» тақырыбында Алакөл ауданындағы Екпінді ауылының тарихы және Тоқболат батыр бейіті туралы әңгіме оқылды. Әңгіме барысында Тоқболат батырдың өмірі мен ерліктері туралы және бейіті орналасқан Екпінді ауылының тарихы жайлы мәлімет берілді.