«Көп жасаған қария – ақылы кең дария»

Категория: Новости
Дата: 03.10.2022
Просмотры: 22 Печать страницы
«Көп жасаған қария – ақылы кең дария»

29 қыркүйек күні - Халықаралық қарттар күніне орай, Ақын Сараның мемориалды музейінде «Көп жасаған қария – ақылы кең дария» атты шара өтті. Шараға арнайы Қапал өңірінің өсіп-өркендеуіне еңбек етіп, үлес қосқан ардагерлер шақырылды. Іс-шара барысында Қапал ауруханасында жұмыс істеп, қоғамдық өмірге, елінің дамып, жетілуіне үлес қосқан азаматтардың жетістіктеріне байланысты бейнеролик көрсетілді. Қарияларға музей бойынша экскурсия жүргізіліп, Қапалдың құрылғанына 175 жыл толуына орай құрылған «Тарихқа тұнған туған өлкем» атты көрме таныстырылды. Музей қызметкерлері ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерді құттықтап, ауыл өнерпаздары ән айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.