«Ескелді би – даналық дариясы»

Категория: Новости
Дата: 03.10.2022
Просмотры: 36 Печать страницы
«Ескелді би – даналық дариясы»

Н.Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері 29 қыркүйек күні М.Байысов атындағы орта мектебі мен Жаңалық ауылының негізгі орта мектеп оқушыларына батыр, шешен, көріпкел Ескелді Жылкелдіұлының туғанына 330 жыл толуына орай «Ескелді би – даналық дариясы» атты дәріс оқыды. Ауданымыздың аты есімімен аталатын Ескелді бидің ғұмыр жолы туралы оқушылар назарына бейнефильм көрсетіліп, әулие бабамыздың елі мен жерін қорғап, сақтап қалғандығы жөнінде толыққанды мәлімет берілді.