«Қариялар сарқылмас қазыналар»

Категория: Новости
Дата: 03.10.2022
Просмотры: 16 Печать страницы
«Қариялар сарқылмас қазыналар»
Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейінде «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай қайырымдылық акция аясында «Қариялар сарқылмас қазыналар» атты дәстүрлі мерекелік кеш өтті. Шараға «Текелі қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің» тұрғындары мен қалалық ардагер ұйымының мүшелері арнайы шақырылды. Мерейлі шараның мақсаты - жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедек-қарттардың көңілін аулап, қолдау көрсету.
Шара барысында оқушылар жырдан шашу шашып, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің білімгерлері әсем әндер орындады.
Сонымен қатар, музей ұжымы абзал ақсақалдар мен ақжаулықты аналарды мейрамымен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.
Кеш соңында аяулы ардагерлерімізге «Асыл қариялар» атты кітап көрмесі таныстырылып, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.