Құдаш Мұқашевтың 90 жылдығы

Категория: Новости
Дата: 10.10.2022
Просмотры: 28 Печать страницы
Құдаш Мұқашевтың 90 жылдығы

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану  музейінде  6-шы  қазан күні Ақсу ауданының тумасы, ақын, жазушы, драматург  Құдаш Мұқашевтың  90 жылдығына орай «Мамания» орта мектебінің  8 сынып оқушыларына «Ұшқыр қалам иесі» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Шара   қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр кешкен қаламгердің артына қалдырған мол мұрасын, жарқын бейнесін жас ұрпақтың жадында жаңғырту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.