"ҚЫРАН БҮРКІТ НЕ АЛМАЙДЫ, САЛСА БАПТАП"

Категория: Новости
Дата: 08.02.2024
Просмотры: 10 Печать страницы

М.Тынышбайұлы музейінде Ұлттық құндылықтарымыздың бірі саятшылық, аңшылық өнерді насихаттау мақсатында «Құсбегілік – ата кәсіп» тақырыбында мәдени шара өтті.

Шараға қыран құстарды баулып, аңға салып, атадан балаға берілген құсбегілік кәсіпке жарты ғұмырын арнаған, немерелеріне үйретіп жүрген ұстаз-құсбегі Бүркітбай Файзуллаұлы және немерелері Әлғазиз бен Әбдіғаділ қатысты. Бүркітбай ата құсбегілікке қатысты музейлік маңызы бар 24 затты музей қорына тапсырды.

Шара барысында бір ғана халқымыздың аңшылық-саятшылық дәстүрінің әрі кәсіп, әрі өнердің биік шыңы болғандығын, құс салып аң аулау әдістері мен оларды баптаудың қыры мен сыры жайлы мол мәлімет берілді. Сонымен қатар, құсбегі Бүркітбай Файзоллаұлының немерелері үйретілген құстармен шеберлік сағатын көрсетіп,  өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мәдени шарада өнер майталмандарының домбырамен әуелеген әндері орындалып, кештің көрігін қыздырса, соңы Құсбегілікке қатысты заттардан арнайы безендірілген көрме бойынша экскурсиямен жалғасты.