«Ұлы дала мұрасы»

Категория: Новости
Дата: 15.10.2024
Просмотры: 2 Печать страницы

15 қазан күні Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде, халқымыздың біртуар дара тұлғасы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы, геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының МКҚК-нің «Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық» музейінің жәдігерлері негізінде «Ұлы дала мұрасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрменің ашылуына Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жиен немересі, химия ғылымдарының докторы Әлима Жармағамбетова, «Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық» музейінің басшысы Қайыргелді Қасымтайұлы, мәдениет саласының мамандары, сонымен қатар Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Өз кезегінде қазақ даласының ұлы перзентінің ұрпағы Әлима Жармағамбетова ғалымның өнегелі өмірі мен қажырлы еңбегі жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.