«Балалар әдебиетінің классигі – Бердібек Соқпақбаев»

Категория: Новости
Дата: 11.10.2024
Просмотры: 2 Печать страницы

11 қазан күні Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен көрнектіжазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Балалар әдебиетінің классигі – Бердібек Соқпақбаев» тақырыбындағы көрменің ашылу салтанаты өтті. Мәдени шараның мақсаты - оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтырып, олардың ой - өрісін, қызығушылығын оятып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру болды. Мәдени шараға ақын, журналист Жұматай Оспанұлы, жазушының қарындасы Несіпхан Смағұлқызы және немере қарындасы Қарлығаш Тілеулесқызы қатысып, сырға толы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, шара көркін «Мұқағали Мақатаев атындағы поэтикалық жас актер театрының» әртістерінің орындауындағы монолог пен саз колледжі білімгерлерінің ән шашуы аша түсті.