3 қазан күні Талдықорған қаласындағы Тіл Сарайының ғимаратында, Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен ақын, сазгер, әнші Пышан Жәлмендеұлының туғанына 140 жыл толуына орай, “Ұлтының ұлы перзенті” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға тарихшылар, жазушылар, БАҚ өкілдері, ақынның ұрпақтары, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында жазушы Жандарбек Қарабасовтың “Жетісу жампоздары әкелі-балалы Жәлменде мен Пышан” атты кітабының тұсауы кесіліп, баяндама оқылды. Келген қонақтар Пышан Жәлмендеұлының өмір жолы мен шығармашылығына байланысты көрмені тамашалады.