
Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Халықаралық музейлер күніне орай Қаратал тарихи-өлкетану музейінде «Музей – ғасырлар сырын сақтаушы» тақырыбындағы мәдени-мерекелік шараға өтті! Шара барысында Қаратал ауданының құрметті азаматы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Абылханов Айнолла Қасенұлының және балалар шығармашылық орталығының сурет көрмесі, сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, Қазақстандағы бірқатар музейлердің негізін қалаушы Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі мен еңбек жолына арналған көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Шараға Өзбекәлі Жәнібековтың келіні Гауһар Тазабекқызы, немересі
Алижан Жәнібек, мәдениет қызметкерлері, Үштөбе қаласының тұрғындары, оқушылар қатысты. Музейге келген жасөспірімдер мен балаларға арналған Ұлттық ойындар мен шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Мерекелік шараның соңы концертік бағдарламамен үйлесін тапты.