
21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күні!
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында мәдениет пен өнер, руханият саласына елеулі еңбек еткен қызметкерлер марапатталды. Марапатты Жетісу облысының әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы өзі табыстады.
Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Аязбаева Рысжан Абсеметқызына “Құрмет” ордені, облыстық музейдің бас қор сақтаушысы Тұтқабаева Қарлығаш Ерікқызына “Үздік музей қызметкері” номинациясы, облыстық музейдің редакторы Қалқаман Абдрахманұлына облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Ал, “Жаркент Мешіті” сәулет-көркемөнер музейі “Үздік музей” номинациясын иеленді.
Мерекелік шара барысынды жылжымалы көрме құрылды. Көрмеге Жетісу өңіріндегі атақты айтыскер Бақтыбай Жолбарысұлының, Абай Құнанбайұлының домбырасы, Молықбай Байсақұлының қобызы, 2024 жылғы “Асыл домбыра” мегажобасының жеңімпаздары сыйлаған домбыра қойылды. Өнер саласына өшпес із қалдырған Бикен Римова мен Шәкен Аймановтың киген сахналық киімдері, мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы, еліміздегі көптеген мәдени ошақтарының салынуына тер төккен Өзбекәлі Жәнібеков пен жазушы, публицист Әнуар Әлімжановтың өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін жеке заттары көпшілік назарына ұсынылды.