«Өнерлі өлкенің өрені»

Категория: Новости
Дата: 08.11.2018
Просмотры: 327 Печать страницы

 Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында  2018 жылдың 14–21 қараша күндері аралығында І.Жансүгіровтің әдеби музейінде өтетін «Өнерлі өлкенің өрені» атты жылжымалы көрмені тамашалауға шақырамыз!

 Көрмеде Сарқан ауданы, Лепсі ауылындағы М.Төлебаевтың мемориалды музейінен арнайы әкелінген композитордың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін 80-нен астам жәдігерлер көпшілік назырына ұсынылады. Келіңіздер, көріңіздер!

Мекен-жайымыз: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 239 үй; Байланыс телефоны: 8(7282)24-06-94; e-mail: muzei_zhansugurova@mail.ru.