«Ел жүрегі - Астана»

Категория: Новости
Дата: 05.07.2018
Просмотры: 409 Печать страницы
«Ел жүрегі - Астана»

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында «2018 жыл–елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз»  деп атап көрсеткен болатын. Иә, қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Осы атаулы мерекеге орай 2018 жылдың 5 шілде күні  Н. Алдабергенов мемориалды музейінің және ауылдық Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ел жүрегі - Астана» атты  шара өткізілді. Мерекелік жиын барысында  Алдабергенов ауылдық округ әкімінің орынбасары Ж. Б. Садырбаев ауыл тұрғындарын Елорданың туған күнімен шын жүректен құттықтады, сондай – ақ  арнайы Астана күніне дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылып, «Жігіттер» вокалдық тобының орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды. Көрермен қауым өз ризашылықтарын білдіріп, соңында естелік суреттерге түсті.